Қазақстандық банктердің иелері кімдер?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық банктердің иелері кімдер?

  • Жанат ҚАПАЛБАЕВА

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері – елдің еркесі мен серкесі сияқты. Олардың жағдайы мүшкілдене бастаса «ойбай, банктерді құт-қарайық» деп мемлекеттің қорындағы ақшамызды ала сала, көмектесуге жүгіреміз. Халықтың қартайғандағы жалғыз үміті – зейнетақы қо-рындағы қаржыны да еш ойланбастан солардың жырты-ғын жамаймыз деп аудара салдық. Ол жағдайда халықтың рұқсатын сұрау ешкімнің ойына да кіріп-шықпайды. Алайда, сол банктеріңіз халықты қанаушы ұйымдардың ішінде бірінші тұр емес пе?!

Таяуда ғана Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Ұлттық банкті қатаң айыптап, «екінші деңгейлі банктерді қорғаштауға құмар» деп ренішін білдірген болатын. «Міне, сіздер Ұлттық банксіздер, алайда елдің бас банкінен гөрі екінші деңгейлі банктердің «крышасына» көбірек ұқсайсыздар. Елдің жоғары заң шығарушы органына үнемі халыққа қарсы заңдарды қабылдауға әкелесіздер» деп сөкті Ұлттық банк басшысын халық қалаулысы.

Мәселе мемлекеттің жекеменшік банк-терге деген қамқорлығына келіп тірелгенде көп нәрсе санамызға сыймай жатады. Расында, неге жеке сектордағы банктерге бюджеттен көмек беруге тиіспіз? Бәлкім, бар мәселе олардың иелерінде болар? Олар – Қазақстандағы бай адамдардың рейтингінде көш басында тұрған шіріген байлар. Одан қалса, билікте жүрген шенділер. Сонымен, кімдер олар, банктің қожайындары?

Қазақстандағы активтерінің көлемі бойынша бірінші орында тұрған ең үлкен банк – Халық банкі. Оның акцияларының 72,3 пайызы – Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Банктің активі – 2 трлн 746 млрд теңге. Құлыбаевтар бір кездері елімізде атақты болған HSBC-нің еншілес ұйымын сатып алғанын еске саламыз. Соның арқасында олар банктің басым бөлігіне иелік етіп отыр.

Екінші орында – «Казкоммерцбанк». Кезінде оның негізгі акционері Нұржан Сұбханбердин (46%) болатын. Былтыр ол акцияларының біраз бөлігін кәсіпкер Кеңес Рақышевке сатты. Рақышев оның алдында да БТА Банктің иесі болатын. Сонымен, екі банк қосылып, Казкоммерцбанк болып біріккелі, банк акцияларының 71,31%-ы Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласына тиесілі.

Тағы бір үлкен қаржылық ұйым – «Цеснабанк». Активтерінің көлемі – 1 трлн 227 млрд теңге. Негізгі акционері – Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков (44,19%). Банктің қалған үлесі – Серік Жақсыбеков, Дәурен Жақсыбек сияқты елорда әкімінің туыс-туғандарының меншігінде.

Ал, «Банк Центр Кредиттің» негізгі иесі – бизнесмен Бақытбек Байсейітов (31,46%) пен оңтүстүстіккореялық KOOKMIN Bank (29,56% ) және Халықаралық қаржы корпорациясы (12,42%) көрінеді. Банк активі – 1 трлн 124 млрд теңге.

АТФ Банкінің активі 933 млрд теңгеге жеткен. Негізгі қожайыны – Ғалымжан Есенов (99,7%). Ал «Kaspi bank» акцияларының ең көп бөлігі Вячеслав Кимге тиесілі (46,7%). Қалғаны Baring Vostok Fund компаниясы үлесінде – 42,7%. Банктің барлық активтерінің көлемі – 922 млрд тенге. Қоржынында 695 млрд теңгесі бар «Еуразиялық банктің» қожайыны деп «Еуразиялық қаржы компаниясын» айтуға болады. Бұл компания – Алиджан Ибрагимов, Александр Машкевич және Патох Шодиев сияқты үш алпауыт байдың меншігі.

Аталмыш тізімге кезінде Қазақстандағы ірі банктердің бірі болған – Альянс банкті де қосуға болады. Активтерінің көлемі – 456 млрд теңге. Негізгі акционерлері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры - 51% және Болат Өтемұратов – 16%. «ForteBank»-те де Болат Өтемұратовтың акциялары бар.

«Bank RBK» қожайындары бірнешеу, олар – Фарид Люхудзаев (11%), Бахаридин Аблазимов, Ержан Достыбаев, Дінмұхамет Идрисов, Азат Ермембетов (9,9%), Қайрат Шарипбаев, Болат Назарбаев (9,9%). «Нұрбанктің» иесі – Сәрсеновтер отбасы. Әпкесі Софья Сәрсеноваға – 67%, інісі Рашит Сарсеновке – 9,87% акциялар тиесілі. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» толықтай мемлекетке тиесілі.

Жуырда Ұлттық Банктің экс-басшысы Григорий Марченко ресейлік телеарналарға берген бір сұхбатында қазақстандық банктерге тән аурудың шетін ашқандай болды. Марченко бұл күндері банктер нақты секторды несиелеумен емес, спекулятивті операциялармен көбірек айналысып кеткенін меңзеп өтті. Бұл орайда, мемлекет банктерді қолдауын доғаруы тиіс екенін айтып: «Егер оларға бірдеңе бола қалса, мемлекет құтқармауы тиіс. Қазір банктер нақты сектордағы қарыз беруші құзыретінен айырылса, олар мемлекеттің қорғауынан құр қалатынын жақсы түсінеді. Ал, нақты секторды несиелендіру шын мәнінде олардың негізгі қызметі саналуы тиіс. Мемлекет қамқорлығы оларға өз активтерін қалауынша жаратуға мүмкіндік беріп отыр. Мұны өзгерту керек», -деді.

Қарапайым тілмен айтқанда, қазір банк-тер мемлекеттен арзан ақша алып, оны халыққа қымбатқа сатып пайда тауып отыр. Біздегі несиелер пайызының жоғары болуының бір себебі де осында жатыр. Ал, қаржы ұйымының негізгі активтерін банк қожайындары әлемнің биржаларында ойнатып, одан түскен табысты қалтасына салып жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter