Жанармай бекеттерінің иелері кімдер?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жанармай бекеттерінің иелері кімдер?

Жанармай бекеттерінің иелері кімдер?
  • Жанат ҚАПАЛБАЕВА

Жанармай бекеттері өзара келісіп алып, бағаны әдейі көтеріп жіберетін немесе түсірмей қоятын кездер жиі болады. Соған қарап бұлардың мұнша еркінсуінің сыры неде деп қайран қаласың. Әлде үстінен бақылап, керек кезінде «таяқтың астына» алатын құзырлы мекеменің жоқ болғаны ма? Немесе меморгандар бірдеңе деп ескертуге бекет қожайындарына бата алмай ма?

Осы көктемде ғана Алматыда бірқатар жанармай бекеттерінің өзара келісіп, бағаны қалауынша өсіргені анықталды. Құлқын қамын ойлағандар сұранысқа ие АИ-92 бензинінің әр литріне 17 теңге қосып сатқан. Ең қызығы – олар бір жылдан бері осылай істеп келіпті. Былығы әшкере болған кәсіпкерлер 140 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Бекеттердің жұмысын бақылап отыруға тиісті табиғи монополияларды реттеу департаментіндегілердің айтуынша, теңгенің еркін айналымға жіберілгенін ұтымды пайдаланған бекет иелері 108 теңгенің бензинін бақандай 125-ке көтеріп, әр литрінен 17 теңге пайда көріп келген. Ал бастапқы бағадан хабарсыз жүргізушілер көліктеріне қымбат отын құюға мәжбүр болыпты.

Ең қызығы – олар әрі қарай да жанармайды осы бағамен (125 теңгеден) сата бермек. Өйткені, аталған департаменттегілер бекет қожайындары қойған бағаны қайта түсіртуге қауқарсыз екен. «Бағаны реттеу біздің департаменттің құзырына кірмейді» дейді ондағылар.

Осы жерде бекет қожайындарының да «авторитетін» ескерген жөн-ау. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысында 560 жанармай бекеті бар. Темір тұлпарлар айына, орта есеппен АИ-92 маркалы 25 мың тонна, АИ-80 маркалы 10 мың тоннаға жуық бензин өнімін тұтынады. Енді осындағы кең таралған жанармай бекеттері желілерінің иелері қаланың белді бай-бағландары деп естиміз. Ұзақ жылдардан бері облыс халқына қызмет көрсетіп келе жатқан «Қарабастау» жанармай бекеттерінің қожайыны – ОҚО «Жанар-жағармай қауымдастығы» төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қайыпбек Қамбаров деседі. Ал қазіргі «Газпромнефть» бекеттері кезінде Шымкенттің экс-әкімі Арман Жетпісбаевтың иелігінде болған екен. Көп жылдар газ саласында кәсіпкерлікпен айналысқан Жетпісбаевтың жанармайға қатысы болуы әбден мүмкін. Бензині қымбат «Сәтті жол» миллионер Серікжан Сейітжановтың меншігі көрінеді. 2003 жылдың наурызынан бері «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті әрі акцияларының бақылау пакетінің иесі саналатын Сейітжановтың «Сәтті жолы» – Шымкенттегі ең жиі кездесетін бекеттердің бірі екенін айта кетейік.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter