Айыппұл төлеуге мәжбүр болған «Air-Аsтаnа» билеттерін арзандата ма?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Айыппұл төлеуге мәжбүр болған «Air-Аsтаnа» билеттерін арзандата ма?

Айыппұл төлеуге мәжбүр болған «Air-Аsтаnа» билеттерін арзандата ма?
  • Жан КЕНЖЕ

Сәуірде ішкі бағыттардың билеттерін 22 пайызға қымбаттатқан “Эйр Астана” соның өзінде 6,6 млн доллар шығынға батыпты. Сосын күзде көлік прокуратурасы билеттердің орта есеппен 40 пайызға өсіп кеткенін жеткізді. Тіпті, кей бағыттар бойынша баға өсімі 77%-ды құраған. Компания “бағаның қымбаттауы – төлемнің көбі доллармен жасалатындықтан” дейді. Ең қызығы сол, өткен жылдың қазан айында мемлекет әуе қызметтерінің бағасын реттемейтін болып шешім қабылдаған еді. Яғни, монополистер баға саясатын бұдан былай өздері шешеді. «Эйр-Астана» осыны пайдаланып, билет құнын шарықтатып жіберді ме? Неліктен «Эйр-Астанаға» 6,7 млн теңге айыппұл салынды?

Монополист екенін мойындағысы келмейді

Әдетте көктемде авиаотын бағасы өскенде барлық компаниялардың билеті қымбаттайды. Алайда, кейін отын тапшылығы жойылған соң қайта арзандатады. Биыл да солай болды. Мысалы, «Bek Air» компаниясының билеттері бір-екі айда қайта орнынан келді. Бірақ, «Эйр-Астананыкі» сол күйінше қалды.

“Ақша ұшақтар мен қосымша бөлшектерді, авиациялық жанармай мен сақтандыруды сатып алуға, техникалық қызмет пен басқа шығындарды төлеуге кетеді. Ұлттық валюта өткен жылғы девальвацияда қатты құнсызданып кетті де, теңгемен төленетін көп қызмет түрі қымбаттады. Қазақстанда ұшу бағасының тарифтері теңгемен өлшенетіндіктен, билеттер бағасын қымбаттатпау мүмкін болмады”, – деп ақталды компания.

«Эйр-Астана» – әуе тасымалы саласындағы монополист екендігі анық. Мысалы, «Алматы-Астана» бағытындағы барлық әуе рейстерінің 80 пайызы – аталмыш компания үлесінде. SCAT, Qazaq Air және Bek Air үлесі тым аз. Сондықтан, билет аларда сізде басқа таңдау қалмайды. Қазір әуе компаниясы «Алматы-Астана» бағытында аптасына 52 рейс жасайды екен. Билет бағасы – 22 мың теңгеден басталады. Ал, Bek Air мен SCAT осы бағытта аптасына 3 және 7 рет қана ұшады. Билет құны – 15 мың теңгеден басталады. Енді өзіңіз ойлап қараңызшы, «Эйр Астана» монополист болмағанда несі қалды? Қарап тұрсаң, үш компанияның да отынға, әуежайға жұмсайтын шығыны бірдей, ал бағадағы айырмашылық – бақандай 7 мың теңге.

Қостанайдан гөрі Мәскеуге ұшу 8 мың теңге арзан

Билет құны расымен де өте қымбат. Forbes журналының мәліметінше, «Эйр Астананың» «Мәскеу-Санкт-Петербург» бағытындағы билет бағалары бір бағытқа, эконом класта – 86-730 доллар аралығында болса, «Алматы-Астана» бағытындағы билеттер 87доллардан басталады. Ресей мен Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы әртүрлі, ал, билет бағалары бірдей болғаны ма? Мысалы, 1 қарашадағы бағаға көз салсақ, бір бағыттағы «Алматы – Қостанай» билеті – 41 897 теңге, «Алматы – Тбилиси» – 40 294 теңге, «Алматы – Стамбул» – 51 040 теңге, «Алматы – Мәскеу» – 33 794 теңге. Кезінде экс-мәжілісмен Амангелді Момышев осы компанияға қатысты депутаттық сауал жолдағанда «Қостанай бағытындағы билет Дубай, Мәскеу немесе Стамбулға дейінгі билеттен қымбат. Әуе компаниясы өзінің үстем жағдайын пайдаланып, әуе билеттерінің бағасын негізсіз өсіруде» деген болатын. Forbes журналының жазуынша, компанияның ішкі рейстерінің үлесі жыл сайын азайып келеді, сондықтан компания ішкі рейстен түсетін табыс азайған соң, оның орнын билет бағасын қымбаттату арқылы еселеп толтырғысы келетін сияқты.

Билет құнын 30-40 пайызға қымбаттатқан

Таяуда ғана орын алған “Эйр Астана” айналасындағы дауды қысқаша баяндасақ, монополияға қарсы ведомство қыркүйекте ұлттық әуетасымалдаушының кеңсесінде тексеру жұмыстарын бастаған-ды. Ал кейінірек ведомство қызметкерлері кезекті тексеруге барғанда әуекомпания өз кеңселеріне кіргізбей қойды деген мәлімет тарады. “Эйр Астана” бұл мәлімдемені толығымен жоққа шығарды. Компанияның атап өтуінше, әуекомпания басшылығы монополияға қарсы органның жұмысына толық қолдау көрсетіп, ішкі рейстердің минимальді тарифі бойынша барлық ақпаратты, теңге девальвациясына қатысты қымбаттаған тарифтер туралы мәліметтерді де ұсынған. Алайда монополияға қарсы мекеменің мәліметінше, дәл 7 қазан күні оның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеген. Ал, компания 20 қыркүйек және 3 қазан күндері келген мамандарды кіргізгендерін айтады. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жеке компаниялар монополияға қарсы мекеменің мамандарының келіп-кетуіне кедергі жасамауы тиіс.

Сондай-ақ, антимонополиялық орган әуе тасымалдау қызметтерінің жоғары бағасын тексеру мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясына құжаттар мен ақпараттарды көрсету туралы 3 сауал жіберген. Олардың кейбіріне жауап берілмеген немесе жартылай ғана жауап берілген екен. Осыған орай, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізіп жатқан лауазымды адамдары 30 қыркүйектегі және 6 қазандағы сұратылған ақпаратты ұсынбағаны/ақпаратты толық көлемде ұсынбағаны үшін «Эйр Астанаға» қатысты 3 әкімшілік іс қозғады.

«Бағалар серпінін және авиатасымалдар көлемін талдау қорытындылары бойынша «Эйр Астана» АҚ тұрақты ішкі авиатасымалдарда үстем жағдайда екені және оның бағалары басқа авиакомпанияларға қарағанда жоғары екені анықталды. Осы орайда олар 2015 жылы мемлекеттік бағаны реттеумен қамтылған кезеңде қолданыста болған орташа тарифтер 2016 жылдың тарифтерімен салыстырылды. Нәтижесінде, «Эйр Астана» АҚ тарифтері орта есеппен 30-40 пайызға өскені анықталды» деп хабарлады Комитет.

P.S. Осылайша, әкімшілік істің қорытындысы бойынша «Эйр Астана» компаниясына 3200 айлық есептік көрсеткіш, немесе 6,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Компания антимонополияға қарсы комитеттің қаулысына наразылығын білдіріп, сотқа шағымданған еді, сот оның талап-арызын қабылдамай тастады. Осы іске соңғы нүктені қойған Келісім комиссиясы «Эйр-Астанаға» ішкі рейстердің бағасын оңтайландырып, мүмкіндігінше арзандатып, тұтынушыларға баға белгілеу механизмін дұрыстап түсіндіру туралы кеңес берді. Демек, енді компания өзінің баға саясатын ашық, жалпыға түсінікті етіп жүргізеді және клиенттер тарифтің қалай қалыптасатынын біліп отырады деген сөз. Компания бұл ақылға құлақ асып, тарифті арзандата ма, әлде бұрынғысынша жұмыс істей бере ме – оны уақыт көрсетеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter