Сыртқы қарыз үшін кім жауапты?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сыртқы қарыз үшін кім жауапты?

Сыртқы қарыз үшін кім жауапты?
  • Жан КЕНЖЕ

Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, сыртқы қарыздардың өсуі мемлекетті тығырыққа тіреп отыр. 2010-2015 жылдарда сыртқы қарыз 35,2 млрд. долларға өсіп, биыл оның көлемі 154 млрд. долларға жетті. Жалпы, сыртқы қарызға келгенде, мамандардың пікірі әрқилы. Біреулер оның қалыпты құбылыс екенін, барлық елдің қарызы шаш-етектен болатынын айтса, енді біреулер оны экономикаға, тұрақты дамуға төнген қауіп санайды.

Қарыздың ең үлкен бөлігі Нидерландыға тиесілі екен. «Гүлдің отанына» біз 43,7 млрд. доллар қарызбыз. Қарызды шетінен аз-аздап үстіндегі пайызымен қосып қайтарып та жатырмыз. Мысалы, биыл қарызды қайтаруға және оған қызмет көрсетуге 14 млрд. доллар жұмсаймыз деп жоспарланған.

Сыртқы қарыз жайлы жиі айтатын экономистердің бірі Меруерт Мауытханқызының сөзіне сенсек, Қазақстанда сырттан қарыз алу, оны төлеу жүйесі мүлдем қадағаланбайды.

«Бізде алуға болатын сыртқы қарыз көлемі, оның қайда жаратылатынын қадағалайтын заңды құжат жоқ. Ол қаражатты басқару қалай жүріп, не болып жатқанын жазатын есеп те міндеттелмейді, қайда жұмсалғаны да жарияланбайды. 2011 жылмен салыстырғанда, осы жылы сыртқы қарыздың менеджменті айтарлықтай нашарлап кетті» дейді маман. Сарапшының пікірінше, бюджетте пайда болған дефицитті Ұлттық қор есебінен жою – сәтсіз шешім, мұндай жағдай 90-жылдардан бері болмаған.

Расында да, Қазақстан экономикасында ашықтық жоқ екені рас. Мұншама қомақты қарыз бір жылда жинала қалған жоқ. Оның қайда жұмсалып, неге жыл сайын артып жатқаны беймәлім. Себебі оған нақты жауап беретін ешкім жоқ. Ұлттық қорға табыс биыл екі есе аз түседі, оның үстіне ондағы ақша қазір есепсіз жұмсалып жатыр. Әрине, ол үшін де жауап беретін ешкім жоқ. Халықтың алдында ешкім жауап бермеген соң, қарапайым бұқара экономикалық процестерді бақыламайтындықтан, енді келіп сыртқы қарыздың мұншама ұлғайғанына таңғалудан басқа амал жоқ.

Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 92,3 пайызына тең.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter