Бағаны «құрықтағыш» билік ай қарап отыр ма?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бағаны «құрықтағыш» билік ай қарап отыр ма?

Бағаны «құрықтағыш» билік ай қарап отыр ма?
  • Жан КЕНЖЕ

Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер «халықты алаңдататын ең маңызды мәселенің бірі – инфляция мен қымбатшылық» дейді. Әсіресе, азық-түліктің маусым сайын, кейде тіпті ай сайын еселеп қымбаттауы елдің шымбайына батпай қойсын ба?! Осы жаздың өзінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде бірнеше рет қымбатшылық белең алып үлгерді.

Көп жағдайда ресми статистика басқа бағаны көрсетсе, базардағы нарық мүлде басқа болып шығады. Мысалы, осы шілде айында бүкіл елде қант ең бір дефицит тауарға айналды. Сөйтіп, оның бағасы бірден 300 теңгеге дейін шарықтап шыға келді. Оның өзінде белгілі бір шектеумен сатылуда. Ал еркін саудада оның бағасы – 350 тг. Нақтырақ айтсақ, қант небары бір-екі күнде – 65,4%-ға қымбаттап отыр.

Бағаның мұншалықты өсуінің себебі неде? Нарықтық экономиканың қарапайым формуласы түсінікті. Егер баға қымбаттаса, демек өнім тапшы деген сөз. Өнім неге тапшы десек, оның себебі әралуан болуы мүмкін. Біздің билік орындарында әзірге бір болжам бар. Табиғи монополияларды реттеу департаменті мамандарының айтуынша, аталған тапшылық негізгі қант жеткізуші корпорацияның бағаны өсіруі себебінен пайда болған.

«Ал оған әлемдік нарықта қант дайындалатын шикізат бағасының қымбаттауы негіз болып отыр. Біз бұл жайттарды қазір қатаң бақылауға алып, тексеріп жатырмыз. Егер де қандай да бір қасақана тапшылық тудыру жағдайын анықтасақ, шара қолданамыз. Ал біздің кәсіпорындар импорт бағытын өзгертулері мүмкін. Алайда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберін алып қарасақ, көрші Ресейде де қант қымбат» дейді құзыретті мекеменің өкілі.

Бір жағынан алғанда, жазда қанттың құны қымбаттаса, оған ешкім таңғалмайды. Өйткені, қазір тосап қайнатып, банкі жабатын маусым. Қанттың қаптап сатылатын кезі. Демек, бұл қымбатшылықтың қолдан жасалуы да мүмкін ғой. Оған куә болған адамдар да жоқ емес. Астаналық бір журналист көзімен көрген бір оқиғаны баяндап берді.

«Сатушы-консультанттардың барлығы қант жоқ деді. “Бізде қант 3 күннен бері жоқ және қашан болатынын білмейміз” деді. Біз әкімшілікке жолығайық дедік, өйткені себебін білгіміз келді. Әкімшілігіне кіріп едік, ол кісілер алдымыздан шығып, өздері қарсы алды. Журналист екенімізді айтқанда, әкімші әйел “бізде қант бар, қазір оны шығаруға бұйрық беремін” деді. Біздің көзімізше, екі адамның көзінше қоймадағы қантты шығаруға бұйрық берді» дейді журналист.

Ал, шенеуніктер бұған көз жұма қарап отыр. Әйтпесе, жыл сайын осы кезеңде қант тапшылығы орын алатынын жақсы біледі. «Бағаны құрықтап жатырмыз» деп есеп бергенге жүйрік шенділер тиісті шараларды қолдануға келгенде жайбасар мінез көрсетеді. Олар бұл жолы да «сондай жағдайға куә болсаңыздар, бізге хабарлаңыздар» дегеннен әрі аспады. Сонымен бірге, ұн мен еттің де айтарлықтай қымбаттағанын жоққа шығаруға болмайды.

«Ұн өнімдері қатты қымбаттапты. Базардың өзінде нан бірден 80 теңге болды. Бұрын жылқы етінің бір келісін 1100-1300 теңге көлемінде алатын едік. Бүгін 1500 теңгеге алдым. Қоспа қоспай, таза ет қана алғандықтан сонша болды, ал қоспа қосқызып алсам 1300 теңге екен» - дейді астаналық бір тұрғын.

Жазғы қымбатшылықтың себебін ешкім нақты түсіндіріп бере алмайды. Кей мамандар елімізде жиын-терім науқаны жүріп жатқанын, маусымдық өнімдердің бағасы спекуляцияға бейім болатынын айтады. «Әрине қазір бағаны әдейі көтеру жағдайы орын алып отыр деуге болмайды, бірақ спекуляциялық сұраныс деген ұғым бар. Ол бағаның өсуіне ықпал етуі мүмкін. Дегенмен әлі де зерделеп, сараптау керек» дейді мамандар.

Биылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы шілдемен салыстырғанда 16 %-ға өсті. Баға жармаларға – 40,4%, кофе, шай және какаоға – 31,3%, май және тоң майға – 28,6%, нанға – 27,1%, кондитерлік өнімдерге – 22,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 21,5%, жемістер мен көкөністерге – 20,7%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 17,3%, макарон өнімдеріне – 16,7%, ұнға – 12,4%, алкогольді ішімдіктерге – 11,8%, сүт өнімдеріне – 8,3%-ға жоғарылады.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 6,3%-ды құраған. Құс етіне баға деңгейі – 16,1%, шұжық өнімдеріне – 8,9%, сиыр етіне – 4,4%, шошқа етіне – 2,8%, қой етіне – 2,3%, жылқы етіне – 1,5%-ға жоғарылады.

Біздің биліктің бағамен күресудегі саясаты дұрыс жұмыс істеген емес. Монополияға қарсы бәсекелестікті қорғау органдары қанша жерден бағаны өсірмейміз десе де, нарықты тізгіндеп тұра алмайды. Бұл жерде «бағаны құрықтаймыз» деген жалаң ұран түбі тесік шелектегі суды басыбүтін сақтап қалам дегенге саятын жандалбаса, бос әурешілік қана. Тіпті бүкіл әлемде тамақ пен киім арзандап жатса да, біздегі баға өз бетінше лағып, өсе береді. Мысалы, 2013 жылы сондай жағдай орын алған. БҰҰ әлемдегі азық-түлік құнының 4 ай бойы төмендегенін мәлімдеген кезде, бізде сол арзаншылықтың бір көрінісі де байқалмады. Керісінше, 4 пайызға өсіп жатты. Міне, сол кезде де билік бағаны реттеу үшін ештеңе істей алмады. Дәрменсіздік танытты. Нарықты бақылау қолынан келмесе, елдің жағдайын сол бағаға сәйкес келетіндей жаңа деңгейге көтеруге кім кедергі?! Әлеуметтік төлемдер мен жалақы да инфляцияға сай қарқындап өсіп жатса, бұл жағдайға қалыпты құбылыс ретінде қараған болар едік, алайда халықтың нәпақасы мен нарықтағы баға бір-біріне мүлде сәйкес келмей тұр. Осыған қарап, халықтың шымбайына батқан дәл осы маңызды мәселені шешуде биліктің қауқарсыз екенін мойындау керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter