Өз басыңызға май жақсаңызшы, Әссанди мырза!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Өз басыңызға май жақсаңызшы, Әссанди мырза!

  • Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Әссанди деген қазақтың аты бола ма? Мен кездестірмеппін. Арабтың ба, парсының ба, татардың ба аты шығар деп ойлаймын. Негізі татардың атына көбірек келеді-ау. Жарайды, мәселе онда емес. Осы Әссәнди деген біреу, аты Әсет, «Фейсбук» әлеуметтік желісіне менің қазақтығыма күмән келтіріп, бірнәрселер жазған деп естідім. Естігенге аса көп мән бермеуші едім, сосын жолдас жігіттер жаңағы жазбаның скриншотын түсіріп әкеп берді. Расымен де бірдеңелер жазыпты.

Әсет Әссәндиді «Отырар» телеарнасында істеген кезінен бері білемін. Ол мұнда бұрында да бір істеп кеткен екен. Мен ол кезде «Оңтүстік Рабат» газетінде жұмыс істейтінмін. Әсет Әссанди жаңылыспасам соңғысында «Отырарда» бар болғаны бір-ақ ай жұмыс істеді-ау деймін. Бір айдан кейін басшылар оны жұмыстан шығарып жіберді. Алдында да бір қуған көрінеді. Ол осылайша бұрын өзі істеп кеткен «Әділет» газетіне екінші рет кетті. Бүгінде Әссанди Захардин Қыстаубаевты «Әділет» газетіне үш келді деп кінәлап жүр ғой, өзі «Әділетке» екі келіп екі кеткен, «Отырарға» екі келіп екі кеткен, «Оңтүстік Рабатқа» екі келіп, екі кеткен. Санынан жаңылыссам, кешірім сұраймын. Сол келіп-кетіп жүрген күндерінде мені «Әділет» газетіне жұмысқа шақыра келгені есімде. Ол кезде мен келісімімді бермедім. Әбден айналдырған еді сол кезде. «Өкінбейсің, Қуанышбек Ботабеков нағыз еркек, сөзінде тұрады. Келіскен жалақысын кешіктірмей береді. Сосын аңқаулығы да бар. Газетінің де беделі бар, былайша да тіршілігіңді жасап аласың ғой» деп айналдырған. Әйтеуір сол жолы «Әділетке» мен бармай қалдым. Кейін Қуанышбек Ботабековтың өзі шықты. Әсет Әссандидің сөзінде бір өтірік жоқ екен, расында азамат екен, еңбегімізді жемеді. Жалақымды бір күн кешіктірген емес. Жалпы, Қуанышбек Ботабеков туралы өте шынайы пікір айтқаны үшін Әссандиға әлі күнге дейін алғысым шексіз. 

Осылайша бір кездері маған қамқор болған Әссандидің бүгін нілдей бұзылып отырғаны несі? Түсіне алмадым. Тек пендешілік шығар деп жобалаймын. Немесе артында біреулер тұруы да мүмкін ғой. Қалай болғанда да мені жақсы көретін адамның мен газет ашқаннан кейін бірден жек көріп кетуі ақылыма сыймай-ақ қойды. Жек көрмей, жанашырлығы болса, мені танымайды емес, таниды, айдай әлемге жар салғанша кемшілігімді (егер кемшілік болса) өзіме-ақ айтпай ма? Өзі менің әкем қатарлы кісі. Онысы қайта қариялық болып шығар еді ғой. Қу жүрегім осының артында бір қудың тығылып тұрғанын сезеді. 

Сонымен Әссанди маған не деп кінә артады? Сөзбе-сөз келтірейін. «Қазақшасы шамалы ма, әлде қазақтығы шамалы ма? Әйтеуір, ашып алған газетінің аты қазақша емес. Ішіндегі дүниесі де қазақилыққа жат, күмәнді бірдеңе...» деп қарадай түңіліпті. Жауабын бірден берейін, қазақшам жақсы Әсет аға. Мектепті қазақша бітірдім. Татармен де, басқамен де шатысым жоқ, таза қазақпын! Әкем де қазақ, шешем де қазақ. Шата болмағаннан кейін де кейбіреулер сияқты шешеммен соттасқан емеспін. Кейбіреулер сияқты шешемді қарттар үйіне екі көзін бақырайтып қойып өткізіп жіберген емеспін. Арамызда Қарттар үйінде қайтыс болған шешесіне бір уыс топырақ салмаған айуандар да жер басып жүр, шата болмағаннан кейін шығар, мен ондай істеген емеспін. Кімді меңзеп отырғанымды басқа болмаса да сіз жақсы түсініп отырған боларсыз, Әсеке. 

Әсет Әссанди осы жазбасында маған ғана емес, мен шығарып отырған «Корреспондент» газетіне де тас лақтырыпты. Түсінемін, шыққанына әлі үш ай болмаған газет 10 мың тираж жинаса, 10 мың тираж шығарып қана қоймай, таяу келешекте 100 мың тиражбен шығаруды алдына мақсат етіп қойып отырса жау демей-ақ қояйын, бәсекелес арттырмай қайтеді?! Бірақ Әссандидің жазбасы бәсекелестікке ұқсамайды. ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбековке жаны ашығансып, менен «халық жауын» жасағысы келеді. Егер елдің есінен шығып кетсе тағы да қайталауға тура келеді. Мен Жаңа жылдың алдында А.Мамытбековті де, ол басқарып отырған ОҚО ішкі саясат басқармасының да жұмысын сынап, нөмірге материал әзірлегенмін. Материалды шығып бара жатқан жерінен құрылтайшы алып қалды. «Мамытбековтің жүрегі ауырады деп естимін, сынайтын болсаң басқа адамдар да жетеді ғой, нең бар?» деп ренжіді. Жалпы құрылтайшы екеуміздің арамыздың осындай-осындайдан кейін суыңқырап бара жатқаны да рас. Менің редактор ретінде өз принципім бар, мен қашанда өз принципім үшін күресе аламын! Менің принципім бойынша мемлекеттік қызметтегі адам кім болса да жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаса сыналуы керек. Мен Мамытбековтен бұрын ол мақаламда облыс билігін көбірек сынадым. Жүрегі ауыратын адамды неге ондай жұмысқа жібереді деген пікір білдірдім. Расында да ішкі саясаттағы жұмыс дегеніңіз бейнелеп айтқанда жанып тұрған өрт емес пе?! Жүрегі расымен ауырса ондай адамды өртке салуға бола ма? Әссандидің Мамытбековке жаны ашиды екен, осыны мәселе етіп көтеруі керек қой. Жалпы Мамытбековке зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! Құдай шөбересінің қолынан май асатуды жазсын! Мамытбеков те Әссандидің көмегіне мұқтаж деп ойламаймын. Егер Әссандидің көмегіне мұқтаж болса онда Құдай ұрып қойған адамның нақ өзі болып шығады! Себебі, бүгін өзі жаны ашып отырған Мамытбековтің ертең нөмірі бірінші жауы осы Әссанди болып шығып жатса өзім таң қалмаймын. Соған қарағанда Мамытбековтің жүрегін мен емес, Әссанди мырза, осы өзіңіз ауыртып тынасыз-ау деп қорқамын. 

Марқұм Әбілда Аймақ ағамыздың атын өзгертіп, «Маймақ» деп жазғаныңызды қолына қалам ұстап жүргендердің көбі біледі. Осыны ақын жүрек ақыры көтере алмай кетті. Темірланға бір кетіп бара жатқанда сізге қатты ренжіп әңгіме айтқаны есте қалыпты. Содан көп ұзамады ғой. Қазақтың арда ақыны Нармахан Бегалиевтің де терісін сүйретіп жүргеніңізге бірнеше жыл болды. Бүгін оқырмандары «хан қызындай Ханбибі» деп еркелететін Ханбибі Есенқарақызына ауыз салдыңыз. Анасын сыйлайтын адамның тірлігі ме, бұл? Меніңше, анасын Қарттар үйіне өткізіп жіберетін адамның тірлігі ғой. Күні кеше ақын Бақытжан Алдиярға ұрындыңыз. Алқаш деп сөгесіз. Бірақ сіз ақылдысыз да басқа жұрттың бәрі ақымақ па? Жұрт бәрін біліп отыр ғой. Бақытжан Алдияр арақ ішпек түгілі заһар ішсе де қазақ руханиятындағы орны сізден жоғары. Поэзиясы арқылы қанша жасқа эстетикалық тәрбие берді. Анасын Қарттар үйіне өткізген емес! Захардин Қыстаубаев ағамызды «Қахардин» деп жазасыз. Оның жүрегі сыр бермесін деңіз. Оны да ана жаққа жүрекпен аттандырсаңыз ел ішінде «жүрек жегіш Әсет» деген лақап атқа ие болуыңыз кәдік. Мамытбековтің жүрегі туралы көп ойлайды екенсіз, мына адамдардың да жүрегін ойлай жүрерсіз. Сосын Мамытбековті сынаған мақаланы сайттан алып тастадың деп кінәлайсыз. Құдайшылығына келгенде осыны дұрыс айтып отырсыз. Алып тастағанымыз рас. Құрылтайшы мәжбүрледі. Жастығым ба, аяғына дейін тұра алмадым. Егер бүкіл кінәм осы болса, осыны бетіме айып қылып таға берсеңіз, амал жоқ, қайта ілуге тура келер. 

Жалпы өзің құрылтайшы болмағаннан кейін қиын екен. Қаржыландырып отырған адамның да көңілін табуың керек. Оның көңіліне ғана жұмыс істесеңіз мына жақта шырылдап шындық жылап жатады. Өзіңізді шындықтың жолында жүрген адам етіп көрсетесіз ғой, оның үстіне менің құрылтайшым сіздің құрылтайшыңыз емес, сол Мамытбековті сынаған мақаланы «Фейсбуктегі» өз парақшаңызға жариялап жіберсеңіз қалай болады?! Мен құрылтайшым нөмірден алып қалған мақаламды келесі санға салып жіберуге уәде берейін.

Р.S. Әсет аға, әкем қатарлысыз ғой, үлкендер, өз құрдастарыңыз кешірер, біздің әр сөзіміз ауыр болады. Мамытбековті не қыласыз, өзіңізге қарап жүрсеңізші. Жүрегіңізді ауыртып алмаңыз! Жұрттың азан шақырып қойған аттарын, әкелерінің, аталарының аттарын бұрмалап жазасыз да жатасыз, қойсаңызшы. Сізге ренжігендердің өлісі бар, тірісі бар, наласы жібермейді ғой. Осыдан кейін жауап жазбай-ақ қойыңыз, жазғаныңызбен жарға соғылған жаңғырық болып шығады. Айтқандай біраз журналист бір айуанның Қарттар үйінде қайтыс болған шешесіне ас береміз деп жатқан. Мен де соған қосылатын болдым. Қолыңыз тисе келіп кетерсіз. Өтетін жерін, уақытын қосымша хабарлаймын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter