Қонақ үй салу меценаттық емес
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қонақ үй салу меценаттық емес

"Rixos Khadisha Shymkent" қонақ үйі Бейне baq.kz
  • Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Былтыр желтоқсанның басында Шымкентке Елбасы келіп, түшкіріп қалса атшаптырымнан жәрәкімаллалайтын оншақты «дежурный» шал-шауқанымен, осындағы уәзірлерімен кездескен болатын. Мейлі, мұндайға әбден көндігіп қалған халықпыз ғой, оның үстіне күнде теледидардан көріп жүрген Нұрсұлтан Әбішұлы емес пе?! Түркменстаннан келе жатып, жолай соға кеткен. Аса қауырт шаруамен келмегені көрініп тұрды. Енді Елбасының сол кезде не үшін келгенін айтайық.

Оңтүстік Қазақстан облысы, әсіресе Шымкент соңғы 5-6 жылда үлкен құрылыс алаңына айналған. Жаңа әкімішілік іскерлік орталық салынып жатыр. Оның маңайы мәдени нысандарға толы болмақ. Олардың кейбірі ендігі салынып та қойған. Елбасы соның бір-екеуінің лентасын қиып кету үшін келіпті. Қиғанда тұрған не бар деуіңіз мүмкін. Расында да ештеңе жоқ, өзінің елі, өзінің Шымкенті, не істеймін десе де осы елдің билеушісі. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлы жалғыз бұлардың ғана лентасын қиған жоқ, Шымкенттің қақ ортасынан салынған «Rixos» қонақүйіне барып, ресми түрде ашып берді.

Мұны қазақстандық БАҚ жарыса жазды, бір-бірінен қалмай көрсетті. Қызды-қыздымен Хабар арнасының орысша жаңалығында қонақүйді салған жергілікті «меценат» деді. Иә, Серікжан Сейітжановтың жергілікті екені рас. Ара-арасында біреулерге жәрдемдесіп тұратынын да естиміз. Алайда, қонақ үй салдырғанды меценат деген дұрыс па? Мәселе осында.

Қонақүй деген табыс көзі. Оны бір қарапайым халыққа «жақсылығым болсын» деп ашқан жоқ. Өзінің жеке мүддесі үшін, қалтасын қалыңдату үшін ашты, бір сөзбен айтқанда – болашаққа салған инвестициясы. Серікжан мырзаға өкпеміз жоқ. Ол кісінің іскерлігін де мойындаймыз. Қарапайым ғана отбасынан шығып, ОҚО-дағы ең ауқатты жандардың біріне айналды. Бәрі табан еңбек, маңдай терінің арқасы. Десек те, Серікжан мырзаның тұрғызған қонақ үйін меценаттықтың көрінісі деу – артық кеткендік. Сол «Хабарға» берген сұхбатында қонақүйді салуға 80 миллион доллар қаражатым кетті деді. 80 млн доллар дегеніңіз 80 млн теңге емес. Одан 277 есе көп. Ал енді шын меценат болғанда Серікжан мырза не салар еді, ойланып көрейікші.

Алдымен қазаққа қазір не қажет деген сауалдың басын ашып алу керек. Әрине баспана. Баспанадан артық дүние бұл қазаққа керек емес. Шынында да солай ғой, үйің болмаса сен кім, сыған кім? Ал енді Серікжан мырза шынымен меценат болса 80 млн долларға қонақ үй емес, арқайсысы 1 млн долларлық 80 көпқабатты тұрғын үй салар еді. Оған орта есеппен 20 мыңға жуық халық қоныстанар еді. 20 мың адам алғыс айтқан кезде Серікжан мырза түгілі жеті атасына дейін пейіште нұры шалқыр еді ғой. О дүниеге кім барып келіпті, дегенмен, болашаққа салған инвестицияның көкесі – адамның, Алланың ризалығын алу емес пе? Меценат деп сол кезде айтсаң болады. Қалай десең де ақша біреудікі, қалтасында 8 мың доллары жоқ адамның бір жылда 80 млн долларға қонақ үй сала салатын байға ақыл айтқаны да біртүрлі екен.

Бәрін айта та бірін айт, Елбасы Шымкентке тура осылай тағы бір келіп, лента қиып кетуі мүмкін. «Меценат» Серікжан Сейітжанов Қазақстандағы ең үлкен мешіт салып жатыр. Күмбезі көк тіреген Алланың үйіне 80-іңіз былай тұрсын, 180 млн доллар жұмсалуы мүмкін. Алланың үйі көбейгені жақсы. Бірақ, ештеңеге мұқтажы жоқ Алла Тағала Серікжан мырзаның адамдарға үй салғанын қалайтынын бірдеңе ғып, аян беріп болса да жеткізсе дұрыс болар еді. Мейлі, тегін болмаса да пайызы аз несиемен сатса...

Айтқым келгені, елде не көп, бай көп. Бай болғанда да голливудтың киноларынан көріп жүрген байларыңыз біздікілердің қасында қолдарына су құйып қалады. Бірақ сонша байлардан не пайда? Көк қағазбен қолын сүртіп, рәсуа қылып, кедей байғұстың нәпсісіне тигені ме? Қолыңда болса елге кішкене көмек көрсеткеннің айыбы жоқ. Айып дейміз-ау, сауаптың астында қаласың ғой. Сен жақсылық жасасаң Алла саған жақсылық істейді. Болмаса ұрпағыңа. Айтқым келгені осы еді...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter