"Халыққа қызмет еткім келді"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

"Халыққа қызмет еткім келді"

"Халыққа қызмет еткім келді"
  • Дәурен Әбдіраманов

Осыдан бірер жыл бұрын облыстық мәслихаттың бір депутатымен сұхабттасқаным бар. Сөз арасында «осы депутат болуға неге сонша құмар боласыздар» деп сұрадым. Әдеттегі әуенмен «халыққа қызмет еткім келді, жігіт ағасы болған шағымда елге бір пайдам тисе екен деген оймен...», - деп көкірегін кере жауап берген еді.

Сол кісінің депутат болмай тұрып бір мекемені кенеше сорғанын білетінмін. Сол маңның халқы қан қақсап, талай арызданып алдымызға да келіп еді. Ал бұл болса «халқыма қызмет еткім келді» деп ұялмай соғып отыр. Мұндай мысалдар толып жатыр. 

Тағы бір тапжылмай отырған депутатты білемін. Атын атап, түсін түстеп абыройын төккіміз жоқ. Сол кісі бір оқу орнының бастығы. Оқу ордасындағы студенттердің айтуынша «ағайлары» нағыз қызқұмар, құзқұмар болғанда да студенттеріне қырғидай тиетін әсіреқызқұмар екен. Өзінің қызындай, немересіндей қаракөздер алдына өтінішпен кіре қалса төсекті көрсететін көрінеді. Осылайша сессиясы бар, басқасы бар, оңай тапсырғысы келетін қыз-қырқын келіссе келісіп, келіспесе оқудан кетеді екен. Мұнымен де бір жылдары әңгіме дүкен құрыппыз. Оған да әлгі халқын қан қақсатқан депутатқа қойған сауалды қойғанбыз. Оның да жауабы сонікіндей: «Халыққа қызмет еткім келді...».

Басқаны қайдам, депутат атаулының көпшілігінің халықтың қамын ойлап қана мәжілістің залында қызылкеңірдек болып, айтысып, тартысатынына сене алмаймын. Себеп көп. Біріншіден, көпшілігі халықты қалағанынша арбаға жегіп байыған кәсіпкерлер. Яғни, мәселе бюджет қаржысын олай да бұлай да бөлуге келіп тірелгенде өзінің, өз кәсібінің ыңғайына қарай туралап жіберуге кірісері анық. Бір-бірінің көзін шұқымайтын қарғаларша ым-жымдары бір. Сессия отырыстарына бара қалсаң баспасөздің көзінше өзара пікірталасып, айтысып, тіпті, балағаттасуға дейін барып қалады. О баста аңғармайды екенбіз, кейін қарасаң сол екеуі далаға шыға сала шүйіркелесіп, ары қарай ресторан, сауналатып бара жатады. Кілең бетперде кигендер ме дерсің. 

 Көз қылып болса да камераның түсіріп тұрғанын көріп, жиындарда дауласа кететін депутаттарға сәл де болса ішіміз жылып тұратынын жасырып қайтейік. Аттандаса да ауызына құм құйылмай, әрненің басын шалып, не үшін депутат болып отырғанын бір білдіріп қояды. Оған да рахмет. Ал енді 4-5 жыл бойы жабылған аузын ашпаған күйі кететін, бары да, жоғы да білінбейтін депутаттар қаншама (мәслихат отырыстарынан да сирек көреміз). Мәселен, Мақтаралдан сайланған Шералы Қаныбеков, Қазығұрттан Мұрат Мейірманов, Сайрамнан сайланған Бадритдин Нишанқұлов деген депуттарды танисыздар ма? Бір мінберлерде сөз сөйлеп, елдің атынан мәселе көтеріп жүргенін көрдіңіздер ме? Мен өзім көрмедім. Көрмеген көзде жазық жоқ. Бірақ, үнемі назарда жүретін, сауал қойсаң тұщымды жауап беретін бірді-екілі халық қалаулыларынан өзге ешкімді танымаймыз. Тану міндетті де емес шығар, дегенмен, айтары бар, қолынан іс келетін, сөзінің салмағы, тірлігінің қайыры бар азаматты ел жазбай таныр еді. Бірақ ондайларды іздесең емге таппайсың. Керісінше, өз шаруасы қарашаның шаруасынан асып, баи түссе, атын, қызметін пұлдап биге шықса, одан артық көрінбейтін депутатқа не керек?! Жеме-жемге келгенде халық бір жақта, өзі бір жақта...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter