Саргсян Қазақстан мен Беларусьті ЕАЭО пен ҰҚШҰ-дан шығарып тастауды ұсынды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Саргсян Қазақстан мен Беларусьті ЕАЭО пен ҰҚШҰ-дан шығарып тастауды ұсынды

Саргсян Қазақстан мен Беларусьті ЕАЭО пен ҰҚШҰ-дан шығарып тастауды ұсынды
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Біраз уақыт бықсып жатқан таулы Қарабақтың даулы мәселесі қайта өршіген бұл жолы Әзірбайжанды қолдайтындар өз пиғылын ашық білдіре бастады. Бұл әрине сол аумақты өзінікі санап келген Ереванның етті жеріне батқаны анық. Қарабаққа қатысты Лукашенко мен Әлиевтің сөзі бір жерден шыға бастады. Ресей де бұл қақтығысты шешуге басымдық беретінін мәлімдеді. Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойған елдердің басшылары таулы Қарабақ тартысына тиянақты мән бере бастаған сайын Арменияда өзінің осы аймақтағы мәртебесін мығымдауға бағытталған мәлімдемелер жасала бастады.

Бұған дейін танымал саясаттанушы Ричард Киракосянның «Арменияның ел тәуел-сіздігі күнінде өткізілген әскери парадтағы «Искандер» зымыранды кешендерін көрсетуі – Мәскеуге сес білдіруі» деген қызықты сараптамасы сөз болған-ды. Осындай емеурін арқылы Кремльді «састырған» Ереван «Искандер» арқылы сыртқы ықпалға мойын бұрмайтынына меңзей отырып, өзінің батыл әрекеттерге баруға дайын екенін білдіргендей. Сарапшылар енді Арменияның Қазақстан мен Беларусь тарапынан болатын қадамдардың алдын алуға тырысатынын болжайды. Осы орайда, Арменияның стратегиялық және ұлттық зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Манвел Саргсян 1in.am басылымына берген сұхбатында ҰҚШҰ мен ЕАЭО қатарында «тәртіп орнатудың» жолын ұсыныпты. Сәуір айында таулы Қарабақтағы Армения мен Әзірбайжанның қарулы қақтығысында ұжымдық қауіпсіздік шартына мүше бола тұра Арменияны жақтамаған елдерді, яғни, Қазақстан мен Беларусьті ұйым құрамынан шығарып тастауды ұсынады.

– Армения ешқашан нақты саясат ұстанған жоқ. Бұл ұйымдарға не қорқыныштан, не табан астынан Ресей үшін бір қиындық туғызбау ұстанымынан мүше болды. Бары сол – үнсіз қалу не орыстармен жеке сөйлесіп «анаған ананы айт, мынаған мынаны айт» деу... Бұл – саясаттың жоқтығы. «Сен де мемлекет ретінде маңыздысың, үлкен бағаң бар және соны саясатқа айналдыра білуің керек» деген сенімнен жұрдай болғанынан. Армения үшін Беларусьтің маңызы қандай? Ешқандай маңызы жоқ қайдағы бір ел. Егер ол саясатқа айнала алатын болса, егер соның арқасында мәселе шешілетінін білсек, мұндай мемлекеттермен ашық қақтығысқа бара беруге болады. Онда Лукашенко да осында жүгіріп келіп Армениямен сөйлесе бастайды. Немесе Қазақстан – оның Армения үшін қандай мәні бар. Армения үшін ол қас мемлекет екені айқын. Неге Армения Қазақстанның түрлі позициясын, оның ұсыныстарын құрметтеуі тиіс? Еуропалық кеңесте бірдеңе бола қалса ыңғайсыз сөздер айтылады, айыптар тағылады. Соған ұқсас жағдай сәуір айындағы соғыстан соң да болды: ол елдерге – «олар немен айналысып отыр?» деген айқын да қарапайым сұрақ қойылды. Әрине, оның барлығының өз мәні бар, олардың бәрінің бұл жағдайдан демократиялық жолмен шығып кеткісі келетінін бірден байқауға болады... Менің ойымша, Арменияның саясаты осы бағытта жүреді. Барлық елдер Армения алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Армения үнсіз қалмауы керек. Беларусь президенті Әлиевтің қолынан марапат алардың алдында жүз рет ойлануы үшін ол (Армения-авт) өзін көрсетуі қажет. – деді Манвел Саргсян сұхбат барысында.

Егер Армения аталған екі мемлекетті ҰҚШҰ мен ЕАЭО-тан шығарып жібере алатын болса, онда ұстады. ЕАЭО-та Ресей мен «панасындағы» Армения қалады. Ал, Ереванның Ресейдің «қарқынын құрықтайтын» қаруы – «Искандері» бар. Ал, ҰҚШҰ-ға мүше Қырғызстан мен Тәжікстан Қазақстан мен Беларусьтің тағдырын көріп, өздері-ақ тәубесіне келеді. Сөйтеді де таулы Қарабаққа қатысты көзқарастарын армян саясатына сәйкестендіруге тырысады. Армян саясаткерінің айтып отырған ұсынысының астарында осы жатқан сияқты...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter