Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет "Союз МС" зымыраны ұшырылды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет "Союз МС" зымыраны ұшырылды

РИА Новости

Бортында Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажы орналасқан "Союз-ФГ" зымыран тасымалдаушысы "Союз МС" түріндегі бірінші модификацияланған ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Союз" зымыраны Астана уақыты бойынша сағат 07.36-да ұшырылды. Екі тәуліктен кейін кеме құрамында ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, JAXA ғарышкері Такуя Ониши мен NASA ғарышкері Кэтлин Рубинс бар экипажды Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 9 шілдеге (Астана уақыты бойынша сағат 10.12-ге) белгіленді. Ал ғарыш станциясында жаңа экипажды Алексей Овчинин (Ресей), Олег Скрипочка (Ресей) мен Джеффри Уилльямс (АҚШ) күтіп алады.

Осыған дейін, Байқоңырдағы мемлекеттік комиссияның Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажын бекіткені туралы хабарланған болатын. Айта кетейік, жаңа модификацияланған басқарылатын "Союз МС" кемесін "Энергия" ЗҒК "Союз ТМА" кемесін терең модификациялау арқылы өндірген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter